Жедел медициналық жәрдем – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық
көмекті ұйымдастыру жүйесі.
Медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдем:
- пациент тұрған жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауынан медициналық көмек көрсету мүмкін
болмаған кезде; - медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;
- пациент тұрған жердегі медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде науқасты медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін;
- кейіннен трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау үшін көрсетіледі.
Медициналық авиация:
- ауыр жағдайдағы пациентті шетелдік клиникалардан отандық клиникаларға жеткізу;
- медициналық сүйемелдеуге мұқтаж пациентті емдеуді жалғастыру үшін медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдардан тұрғылықты жеріндегі медициналық ұйымдарға жеткізу жағдайларында пайдаланылуы мүмкін.
Дереккөз:2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗҚР халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі 121 бап
Медициналық көмектің көлемі
Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:
- осы Кодекстің 196-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем;
- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық көлем;
- медициналық көмектің:
- жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналарының қаражаты есебінен көрсетілетін ерікті медициналық сақтандыру шеңберіндегі;
- ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен ұсынылатын;
- әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде (ұйымдарда) әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдар қызметінен босатылған адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.
Дереккөз:2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗҚР халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі 195 бап
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
- жедел медициналық жәрдем;
- медициналық-санитариялық алғашқы көмек;
- мынадай:
- АИТВ инфекциясы және туберкулез профилактикасы мен диагностикасы жөнінде қызметтер көрсету кезінде;
- жарақаттар, уланулар немесе басқа да кезек күттірмейтін жай-күйлер кезінде;
- әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;
- уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;
- мынадай:
әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;
уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;
- стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек
- негізгі ауруды емдеу кезіндегі медициналық оңалту, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды медициналық оңалту;
- уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек;
- қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
- патологиялық-анатомиялық диагностика;
- ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.
Дереккөз:2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗҚР халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі 196 бап
Пациент құқықтары
- Қазақстан Республикасы азаматтарының:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге;
- дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға;
- пациент стационар жағдайында емделуде болған жағдайда емдік тамақ алуға;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен қосымша медициналық көмекке;
- ақылы негізде медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға;
- көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде медициналық көмек алуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды алуға және олардың берілуіне;
- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға;
- мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
- медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуына;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне медициналық көмек көрсету кезінде денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;
- медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;
- мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы жоғары тұрған органдарға өтінішхат беруге;
- донор ретінде әрекет ету мүмкіндігі туралы ерікті түрде ерік білдіруге;
- қайтыс болғаннан кейін осы Кодексте айқындалған тәртіппен трансплантаттау мақсатында өздерінен тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) алуға келісу не алудан бас тарту туралы ерік білдіруге;
- емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға;
- бірлесіп төлеуге;
- жазылмайтын созылмалы ауруларды емдеу кезінде ауырсынуды басатын ем алуға;
- денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері, оның салдарлары мен медициналық көмек көрсету нәтижелері туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда алуға;
- аурулардың профилактикасы туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететін немесе оларға жағымсыз әсер ететін факторлар, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам денсаулығы үшін ықтимал қауіптілігі, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнімнің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы анық және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.
- Әйелдердің отбасын жоспарлау және өз денсаулығын сақтау мақсатында ана болу туралы мәселені шешуге және қаламаған жүктіліктің алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.
ОЖМЖС-да пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚҚ және ІБ) қызметі құрылған.
ПҚҚ және ІБ функцияларына медициналық көмек көрсету ережелерін бұзу фактілерін анықтау жатады.
Сіз ПҚҚ және ІБ қызметін жүгіне аласыз, егер:
- көрсетілген жедел медициналық жәрдемнің сапасына қанағаттанбасаңыз;
- медициналық персоналдың дөрекі мінез-құлқына тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақша бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
- егер медициналық көмек көрсету тәртібімен байланысты проблемалық сұрақтар туындаған болса.
ПҚҚ және ІБ қызметі Сіздің шағымыңзды барынша қысқа мерзім ішінде қарастырады және бес күнтізбелік күннен кешіктірмей Сізге шағымыңызға жауап ұсынады.
Шағым/жүгіну немесе ұсынысты пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ кез келген мүдделі тұлға ұсына алады:
- Ауызша немесе телефон арқылы ОЖМЖС-ға тікелей, 53-34-09 сенім телефоны арқылы, қабылдау бөлімінің телефоны 51-10-10.
- Жазбаша түрде кез келген қолайлы тәсілмен:
- ОЖМЖС басшысының блогына (сайт мекенжайы: 103bko.kz )
- ОЖМЖС шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне хат салу.
- хатты поштамен жіберу, мекенжай: 090002
Қазақстан Республикасы, Батыс-Қазақстан облысы, Орал қ., Сдыков көшесі 20/1.