1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына Қазақстан Халықтары Ассамблеясының этно-мәдени бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы И.А.Тоболева келіп, ұйым қызметкерлерін аталмыш мерекемен құттықтап, 5 әріптесіміз: Е. Наурызов, Г. Хайбуллина, Р.Сыдыкова, А.Төреғалиева мен Р.Батырғалиевке азаматтық және патриоттық міндеттерін абыройлы орындап, бейбіт заманда қоғамның сенімді тірегі бола білгендері үшін Алғыс хаттармен марапаттады.