1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Мерекеде «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» да қарияларды құттықтады.

Мейрам аясында «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымы ардагерлерге арнап азық-түліктен қоржын дайындап берді.

Ардақты қарияларға жедел жәрдем қызметін дамытуға қосқан үлестері үшін зор алғыс білдіреміз!

Мереке күні мекеменің фельдшерлер тобы да алғашқы үш науқасты құттықтап, гүл сыйлады.

Сіздерге шын жүректен жан мен тәннің саулығын, жанұяңыз бен достарыңыздың амандығын тілейміз! Абыройларыңыз қашан да биік, аспандарыңыз ашық болсын!