Құрметті жерлестер!
Сіздерді облыстық медициналық жедел жәрдем ұжымы атынан және өз атымнан Ұлттық мереке – 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Бұл біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам еді. Бұл мереке біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен мықтылығын көрсетеді.
Тәуелсіздік жылдарында біз әлемге танылып, үлкен өзгеріске қол жеткіздік. Еліміз мықты және гүлденген мемлекетке айналды. Бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісім арқасында бірнеше ұлт өкілі өмір сүруде. Мемлекетімізде тыныштық пен тұрақтылықты сақтап келеміз.
Әр отбасыға денсаулық, бақыт және тыныштық тілеймін! Отанымыз өркендей берсін!
Құрметпен, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының директоры Мадияр Утешев.