Жол картасын орындау шеңберінде ОЖМЖС автопаркін жаңарту бойынша 18 «УАЗ» автокөлігін сатып алуға жергілікті бюджеттен 137 491 000 қаражат бөлінді. Бүгінгі күні барлық автокөлік облыстың барлық аудан орталықтарына таратылды.
Нәтижесінде барлық аудан орталықтарында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін реанимобильдер мен жаңа «УАЗ» автокөліктері бар, автокөлікпен және медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 100%-ды құрайды.
Барлық медициналық қызметкерлер БҚО Жоғары медициналық колледжінде BLS, ACLS, PALS, PHTLS бағдарламалары бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына оқытылған, сондай-ақ, ҚР ҰШМҮО қызметкерлерін тарта отырып, жүргізушілер «Қауіпсіз жүргізу» курсы бойынша оқудан өтіп отырады.