«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК өз мекемесінде жұмыс жасайтын фельдшер Райымбек Қадыровты 22-24 қазанда Литваның Вильнюс қаласында өткен зілтемірді жатып көтеру бойынша (пауэрлифтинг) жастар арасындағы әлем чемпионатында әлем чемпионы атағын жеңіп алуымен құттықтайды.
Қадыров Райымбек 2001 жылы 11 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауылында дүниеге келген, 2018 жылы Орал қаласындағы №47 ЖОББ мектепті бітірген. 2021 жылы Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжін бітіріп, 2021 жылдың шілде айында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына фельдшер қызметіне жұмысқа орналасты.
2021 жылдың наурыз айында Райымбек Шымкент қаласында Junior-дың 23 жасқа дейінгі 53 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Райымбекті осындай жоғары жетістігімен құттықтаймыз және алар асуларың бен бағындырар белестерің көп болсын деп тілейміз.