Бүгін, 18 маусымда Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында «Медицина қызметкерлері» күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Шара барысында мекеме директоры Мадияр Амангелдіұлы Утешев барлық қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.
🔵Облыс Әкімі Ғ.Есқалиевтің атынан Денсаулық сақтау саласының тарихына, өңір медицинасының дамуына қосқан зор үлесі үшін директордың емдеу ісі бойынша орынбасары Г.Ж. Джумагалиеваға Алғыс хат табыс етілді.
🔵ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» атынан көп жыл адал еңбегі және Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін А.С.Ибатова мен Г.З.Мурзагалиева «Үздік қызметкер» төс белгісімен, 4 қызметкер Құрмет грамотасымен марапатталды.
🔵Кәсіподақ ұйымы атынан халық арасында алғысқа бөленген, өз жұмыстарын зор жауапкершілікпен атқарған 5 қызметкер Алғыс хатпен және сертификаттармен марапатталды.
🔵Мекеме басшысы атынан мінсіз де адал еңбектері үшін 23 қызметкерге Құрмет грамотасы мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.
Мереке қарсаңында барша Ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, денсаулық, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Мереке құтты болсын!