Бүгін Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының кәсіподақ комитеті Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік лездеме ұйымдастырды!
Мекеме басшысы Утешев Мадияр Амангелдіұлы сөз сөйлеп, әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.
Жанқиярлық еңбегі мен халық денсаулығын қорғауға қосқан зор үлестері үшін келесі қызметкерлер Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
Безкоровайная Галина
Мендалиева Жанна
Гұмарова Мөлдір
Сүндетқалиева Гүлзира
Сейтекенова Гульзира
Темиргалиева Балжан
Телеупова Марья
Исетова Шолпан
Байбактина Гульсара
Тапенова Умитканым
Жамешова Сандугаш
Тлешова Ажар
Мереке құрметіне барлық әйелдер ұжымына кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық сертификаттары табыс етілді.
Шара барысында Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
💐Қымбатты да аяулы әйелдер, қыздар! Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 — наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз! Мереке құтты болсын!