2022 жылдың 11 ақпанында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында Кәсіподақ комитетінің есеп беру – қайта сайлау жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Кәсіподақ төрайымының жылдық есебі
2. Бақылау-тексеру комиссиясының есебі
3. Кәсіподақ төрайымы мен кәсіподақ белсенділерін қайта сайлау
4. 2022 – 2025 жылдарға ұжымдық шарт бекіту.
Жиналыс барысында «Сенім» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы М.К. Кусаинов әріптестерімізді 2020-2021 жылдары өткізілген іс-шаралардан алған жүлделі орындарымен құттықтап, медициналық ұйымдар арасында Жедел жәрдем кәсіпорны ең белсенді ұйым екендігін атап өтті.
Кәсіподақ ұйымының 2021 жылғы жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.
Кәсіподақ мүшелері кәсіподақ төрайымына екі үміткердің ішінен бірауыздан бас фельдшер М.К.Курмашеваны сайлады, сонымен қатар кәсіподақ белсенділері де бекітілді.