Бүгін 17 маусымда Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Шара барысында кәсіпорын директоры Мадияр Амангелдіұлы барлық қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтады.

Медицина қызметкерлерінің күніне орай денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіпорынымыздың медицина қызметкерлері:

Есенгалиева Ася Тулеугалиевна Қазақстан Республикасының Денсалық сақтау министірлігі атынан «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, Тюлигенева Юлия Николаевна Қазақстан Республикасының Денсалық сақтау министірлігі атынан Құрмет грамотасымен;

Джумагалиева Гульнар Жомартовна «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы атынан Алғыс хатпен;

Кунтаева Гульбану Кусаиновна және Махсутова Савиля Ергалиевна Қазақстан Республикасының жедел медициналық жәрдем қауымдастығының «Үздік қызметкер» төсбелгілерімен;

Бердіғали Амандық Аңсарұлы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық байқауында екінші орынға ие болып, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының «Жас дарын» төсбелгісімен марапатталды.

Кәсіпорын директоры Утешев Мадияр Амангелдіұлы Батыс Қазақстан облысы әкімінің атынан Алғыс хат алды.

Ақ халатты абзал жандарға отбасыларына амандық, дендеріне саулық, кәсіби биіктерден көрінулеріне тілектесбіз.