04.03.2022 жылы БҚО ДСБ кестесіне сәйкес медициналық кеңес өтті, оған БҚО ДСБ медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Ж. Кульбаракова, бөлімнің бас маманы А. М. Кудесова, қалалық МСАК ұйымдарының басшылары қатысты.
«ОЖМЖС» ШЖҚ МКК директоры М.А.Утешев кәсіпорын ұжымы алдында 2021 жылғы қызметі туралы есеп берді.
Анықтамалық:
*Ұйымда 648 қызметкер жұмыс істейді.
*2021 жылы 317 294 шақыртуға қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
*18 жасқа дейінгі балалар – 87109.
*Жүкті әйелдер – 20748.
*КВИ-ге күдікті және расталған жағдайлар бар шақыртулар саны – 23731.
*Жол-көлік оқиғасы бойынша 940 шақырту қабылданып, 1434 зардап шегушіге көмек көрсетілді.
*Санитариялық авиация желісі бойынша 215 шақыртуға қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ, кеңесте жедел медициналық жәрдемнің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.