2022 жылғы қазан айының 28-і күні облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының акт залында қазан айындағы «Мейірбандық» күндері мен қариялар айлығына аясында ОМЖЖС қызметкерлерінің ардагерлерге арналған мерекелік концерті ұйымдастырылды. Шарада медициналық жедел жәрдем станциясының директоры Утешев Мадияр Амангелдіұлы сала ардагерлеріне қызмет еткен жылдардағы өлшеусіз еңбектері үшін зор ықыласпен алғысын білдірді.
Шара барысында ардагерлер де көрсетілген құрмет үшін алғыстарын айтып,
ағымдағы жылы жұмысқа қабылданған жас фельдшер мамандарға жұмыстарына сәттілік тілеп баталарын берді.
Мерекелік кеш соңында кәсіподақ ұйымы атынан ардагерлер мен жас фельдшерлерге сыйлықтар табысталды.