18 наурыз күні Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырылған болатын. Ұйым директоры Өтешев Мадияр Амангелдіұлы ұжымды көктемгі Наурыз мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ, іс-шара уақытында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Халық алғысы» медалімен фельдшер Дәулетов Эдик Ерболатұлы марапатталды.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының әкімшілігі мен ұжымының атынан зейнет жасына жеткен қызметкерлер алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
Владимир Александрович Қабаев
Тельбаев Алаш Орынбасарұлы
Мереке дәстүрлі түрде шашудан басталып, мерекелік концертпен, спорттық және ұлттық ойындармен жалғасты.
Құрметті оқырмандарымыз, әсем, гүлденген, көктемгі Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы берекелі күндерде біз жүректеріңізге жылулық, жақын жандарыдыңыздың мейірімділігi мен сүйіспеншілігін, достарыңыздың адалдығын тілейміз! Ең қымбат және көптен күткен сыйлықтар бақыт пен рухани үйлесімділік болсын!