Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада облыс және республика медицинасының дамуына үлес қосқан медицина қызметкерлері марапатталды.
🥇Біздің әріптесіміз – жедел жәрдем дәрігері Артыкова Гульнар Тулеповна «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісіне ие болды.
⚕️Бірнеше жылдан бері мекемеде фельдшер лауазымын атқарып келе жатқан Николай Вячеславович Борзиков Тәуелсіздік күніне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау Министрі А. Цойдың атынан Алғыс хатпен марапатталды.
⚕️Жедел жәрдем фельдшері Нұрлан Замирұлы өңіріміздің денсаулық сақтау саласының дамуы мен жандануына қосқан үлесі үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевтің атынан Алғыс хатпен марапатталды.
⚕️Жедел жәрдем бас механигі Ерген Болатұлы қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға қосқан ерекше үлесі үшін Орал қаласының әкімі А. Шыныбековтын қолынан Алығыс хат алды.