Қуанышты мереке қарсаңында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті.
 
🏥Мекеме басшысы Мадияр Утешев ұжымды мерекемен құттықтап, елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге «Сенім» кәсіподақ ұйымының атынан 2 алғыс хат және кәсіпорын әкімшілігі атынан 15 алғыс хат табыстады. Ал кәсіподақ ұйымы өз тарапынан «Технодом» дүкендер желісінің сертификаттарын табыс етті.
 
🥇Сондай-ақ, 2021 жылғы 11-12 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай медициналық ұйымдар арасында өткізілген волейболдан турнирде жеңімпаз атанған мекеме қызметкерлері марапатталды.
 
🥇Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына орай «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында өткізілген шахматтан турнирде 1-орын алған Г.Жасыланқызы және 2-орынды иеленген С.Ахметкалиева марапатталды.
 
🏡Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында отбасы құрған жедел жәрдем қызметкерлеріне Құттықтау хат және Технодом дүкендер желісінің сертификаттары табысталды.