Бүгін «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы»ШЖҚ МКК-да «Қазақстан Республикасының Конституциясы» күніне орайластырылған шектеулі қызметкерлер санымен салтанатты шара өткізілді, мекеме басшысы М.А. Утешев қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Шараның жаңа оқу жылымен тұспа-тұс келуіне байланысты кәсіподақ ұйымы республикалық «Мектепке жол» науқаны аясында мекеме қызметкерлерінің 1-сыныпқа баратын 30 бүлдіршінге оқу құралдарын табыстады.