Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлауда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнді қайтадан атаулы күндердің бірі әрі Ұлттық мереке деп бекіткен еді.

Облыс әкімі «Атамекен» өнер ордасында елдің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Ол әріптесіміз, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Айсұлу Ибатоваға ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Құрмет» грамотасын берді.

Сондай-ақ облыс әкімдігіндегі жиында БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қызметкерлерді құттықтап, әріптесіміз бас фельдшер Майра Құрмашеваға «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мұнымен қоса облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Мадияр Утешев ұжымды Республика күнімен күнімен құттықтап, барлығына табыс, бақ-береке және жемісті еңбек тіледі.