2021 жылдың 16 наурызында «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен комплаенс қызметтерді дамыту мәселелері бойынша онлайн семинар өтті.

Семинарға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» заң департаментінің басқарушы кеңесшісі Р. Байарстанов, нормативтік-құқықтық сәйкестік жөніндегі басқарушы кеңесші Э. Бабанлы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының кабинет меңгерушісі Л.Нарушева, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық департаменттерінің, республиканың ірі жеке компанияларының және облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты коммуналдық, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдері («ZOOM» бейнебайланыс арқылы) қатысты.

Н. Самет квазимемлекеттік сектор жүйесіне комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейімділігін қалыптастыру, ашық және адал қызмет жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екендігі туралы ақпараттандырды.

Өз кезегінде Э. Бабанлы компаниядағы комплаенс үдерістерін цифрландыру, сыйлықтар беру мен назар аудару, мүдделер қақтығысы фактілерін тіркеу, сондай-ақ кәсіпорында шағымдар тіркелетін жедел желі қызметі және тағы басқалар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, спикер квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жеке компанияларда комплаенсті енгізудің артықшылықтары туралы атап өтті.

Л.Нарушева «Парақорлыққа қарсы басқару жүйесі» ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу туралы және комплаенс-офицерлерге арналған оқыту бағдарламалары туралы айтты. «Парақорлыққа қарсы басқару жүйесі» ISO 37001 халықаралық стандарты мекемеге комплаенс қызметін енгізу кезінде маңызды құралдарының бірі екенін атап өтті және өз презентациясының соңында Академияның байланыс деректерімен таныстырды.

Р.Байарстанов облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі басымдықтарын талқылап, пікір алмасып, табысты тәжірибемен бөліскенін атап өтті.

Онлайн семинарға «ZOOM» қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы 100 – ден астам тыңдаушы-комплаенс өткізуге жауапты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатысты.

https://www.facebook.com/zkoagu/