2021 жылдың 31 мамырынан 1 маусым аралығында «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК қызметкерлері үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыбында Курс дәріскерлері Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының басшысы Жанар Рысбекова, орынбасары Ержан Жаров пен комплаенс офицерлері Айбек Қабылдин мен Әлия Шаихова семинар өткізді. Семинарға «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК –нің әкімшілік персоналынан 13 адам қатысты.Тыңдаушыларды парасатты және әдепті мінез-құлықтың корпоративтік стандарттарын сақтау бойынша білім комплаенсін қалыптастыру мақсатында  лекторлар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстырды.

Қатысушылар Cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті реттеудің негізгі қағидаттары мен процестері, ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкес комплаенс жүйесін құру тәсілдері, комплаенс бағдарламаларын ұйымдастыру мен әзірлеудегі мүдделер қақтығыстарын басқару, сондай-ақ ұйымның ішкі процестерін жетілдіру және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жақсарту құралы ретінде жедел желінің жұмыс істеу мәселелері жөнінде дәріс алды. Оқыту барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.