«Облыстық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК тарихы
1958 жылы қалалық атқару комитетінің шешімімен Орал облыстық ауруханасында жедел және төтенше жағдайлар бөлімі құрылды.
Орал облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 01.10.1981 жылғы №616 шешіміне сәйкес және Облыстық денсаулық сақтау департаментінің 06.10.1981 жылғы №554 бұйрығы негізінде 01.10.1981 ж. облыстық аурухананың бөлімшесі дербес станция болып қайта құрылды және қалалық денсаулық сақтау басқармасының қарамағына өтті.
Анна Ивановна Демченко жедел жәрдем станциясының бас дәрігері болып тағайындалды.
1982-1986 жылдары оны Юн Валентин Леонтьевич басқарды.
1986-1992 жылдар аралығында Антипов Валерий Дмитриевич.
1992-1996 жылдар аралығында Калашникова Ирина Петровна.
1997 жылдан 2011 жылға дейін Пуховой Александр Алексеевич
2011 жылдың желтоқсанынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Серікбаева Роза Хасанқызы.
2012 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін Хайрекешов Арман Серікұлы басқарды.
2014 жылғы сәуірден 2017 жылғы наурызға дейін Бекежанов Сергей Мәдиевич.
2017 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Байчеркешев Мақсот Ермекқалиұлы.
2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Мурзагалиев Галимжан Ислямович
2019 жылдың қазан айынан бастап Мадияр Амангелдіұлы Өтешев директор болып тағайындалды