- Home
- Жемқорлыққа қарсы саясат
- Комплаенс-қызметі
Комплаенс-қызметі
«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің 2021 жылға атқарылған жұмыстары
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 16-бабына сәйкес, 2021 жылдың 25 ақпанында «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылғандығын хабарлай отырып, 2021 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Ерланұлы Ерқанат және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының өкілі Лаула Жанатқызы Нарушевтің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін енгізу бойынша түсіндіру сипатындағы семинар өткізілді.
2021 жылдың 16 наурызында Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және комплаенс қызметімен тәжірибе алмасу мақсатында «Antikor ortalygy» сервистік орталығы алаңында квазимемлекеттік сектор субъектілері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы және «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы қызметкерлерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
2021 жылдың 31 мамырынан 1 маусым аралығында «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК қызметкерлері үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыбында Курс дәріскерлері Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының басшысы Жанар Рысбекова, орынбасары Ержан Жаров пен комплаенс офицерлері Айбек Қабылдин мен Әлия Шаихова семинар өткізді. Семинарға «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК –нің әкімшілік персоналынан 13 адам қатысты.Тыңдаушыларды парасатты және әдепті мінез-құлықтың корпоративтік стандарттарын сақтау бойынша білім комплаенсін қалыптастыру мақсатында лекторлар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстырды.
Қатысушылар Cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті реттеудің негізгі қағидаттары мен процестері, ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкес комплаенс жүйесін құру тәсілдері, комплаенс бағдарламаларын ұйымдастыру мен әзірлеудегі мүдделер қақтығыстарын басқару, сондай-ақ ұйымның ішкі процестерін жетілдіру және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жақсарту құралы ретінде жедел желінің жұмыс істеу мәселелері жөнінде дәріс алды. Оқыту барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.
Жоспар бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының қатысуымен «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-ның Парақорлыққа қарсы басқару жүйесін әзірлеу және енгізу туралы 2021 жылғы 19 қарашасындағы №288 бұйрығы негізінде ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкес комплаенс жүйесін құру, басқару тәсілдері енгізілді.
Сонымен қатар, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының қатысуымен «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-да Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға жауапты қызметкерлер тобын 2021 жылғы 19 қарашасындағы №289 бұйрығы негізінде құрып, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген болатын.
2021 жыл қорытындысы бойынша «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-да Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар туындаған емес.
«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-ның ресми сайтында комплаенс туралы ақпараттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық жоспар 2015-2025жж, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жоспары, бұйрық, буклеттер және бейнетаспалар орналасқан.